Алматы жыл соңына дейін қандай гүл бақтар абаттандырылады?
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қала көшелері мен гүл бақтарын абаттандыру жұмысының сапасын тексерді. Кемшіліктерді жойып, нысандарды 1 қарашаға дейін пайдалануға беруді жүктеді:
Оқушылар сарайының жанындағы гүл бағы
Жаңа суару жүйесіне арналған траншеялар төселді, 40% бөлшектелді. Көше жарығы жүргізіліп, балалар алаңы, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады. 147 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады. Асқар Әмрин жасыл желектерді бүлдірмей жұмыс істеуді тапсырды. Айтуынша, гүл бақтың тарихи келбетін сақтау қажет.
Мемлекеттік мұражай жанындағы гүл бағы
Көшені жарықтандыру жүйелері орнатылды, субұрқақ тостағандары бетондалып, суару жүйесінің құбырлары төселді. Алдағы уақытта кіші сәулет нысандарын орнату және көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.
Солтүстік гүл бағы
ҚБТУ жанындағы Солтүстік гүл бағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Бәйсейітова көшесін Жамбыл көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін абаттандыру. Жарық жүргізілді, кеспе тастар төселді, суару жүйесі орнатылды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»