Астанада Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane іске қосылды
Бүгін сағат 15:00-ден бастап астананың Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағы қайта іске қосылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер қалалық басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгін М-1 көпіріндегі жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Соған байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы арнайы жолақпен қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады.
Еске салайық, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы уақытта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесіндегі Bus lane-мен жеке көлік қозғалысына рұқсат етілген болатын.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»