ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Саян Сансызбайұлы Құттыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.