Қазақстанда бір тәулікте коронавируспен 5 адам ауырып, 11-і жазылып шықты

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлайды.

29 мамырдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 4 адамнан коронавирус анықталды.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 745 жетті.