Қазақстан жаңалықтар
2022-04-30 20:24:00
Астаналық президенттік саябақта «Прокурорлық аллея» пайда болды
Мемлекет басшысының елді көгалдандыру жөніндегі саясатын іске асыру шеңберінде Берік Асылов Нұр-Сұлтан қаласының президенттік саябағында Бас прокуратураның аллеясының бастапқы көшетін өзі отырғызды.
Акция аясында қадағалау органының өкілдері аязға төзімді сакураның 30 көшетін екті.
Іс-шара «Тұрақты даму» Жер Қоры жастар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, елді көгалдандыру бағдарламасын Мемлекет басшысы өткен жылы бастап, 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды көздеген болатын.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»