Өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 25 адамнан анықталды, деп хабарлайды coronavirus.kz сайты.

Сондай-ақ аталмыш дертен 19 адам жазылды.

2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда 88952 адам коронавирус пневмониясын жұқтырып, 5353 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 82738 адамды құрап отыр.