Қазақстан жаңалықтар
24 апреля 2022, 20:24
Жібек Құламбаева жұптық сындағы 15-ші титулын жеңіп алды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Шымкентте ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Жібек ресейлік Анастасия Сухотинамен бірге финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Ксения Зайцевамен күш сынасты. Е.Маклакова мен К.Зайцева осы доданың екінші ракеткалары еді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 6:1 есебімен айқын басымдылық көрсетті. Олар екінші сетте де осы қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4. Осылайша Жібек жұптық сында чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»
Больше на Forbes