Алма Мұқанова Әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram каналы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Пан Наталья Виссарионовна басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР әділет вице-министрі қызметінен босатылады.