ШҚО-да жүк вагондары жолдан шығып кеткен жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

2022 жылғы 8 сәуірде 10 сағат 35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай - Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған.

Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі орын алған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталуда.