Сыртқы істер министрлігінде министрдің орынбасарлары таныстырылды
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сыртқы саясат ведомствосының ұжымына жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинді және сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары Әділ Тұрсыновты таныстырды.
СІМ басшысы Қазақстанның Қытайдағы жаңадан тағайындалған Елшісі Шахрат Нұрышевке СІМ Орталық аппаратындағы жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оған қазақстан-қытай ынтымақтастығын одан әрі дамытуда табыс тіледі.
Сонымен қатар, М.Тілеуберді министрдің жаңа орынбасарларының дипломатиялық қызметтегі кәсіби тәжірибесін атап өтіп, олардың жоғары біліктілігі ҚР Президенті айқындаған елдің сыртқы саяси бағытын жүйелі түрде іске асыруға қызмет ететініне сенім білдірді.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»