Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясы туралы

Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді және келісуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 4-8 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.