Украиндағы Қазақстанның 80 азаматы Польшаға жеткізілді – ҚР СІМ
Украинадағы 80 қазақстандық шекарадан өтіп Польшаға жетті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің хабарлауынша, Украина, Польша, Молдова, Беларусь пен Ресейдегі дипломатиялық мекемелері қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
«Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған уағдаластықтар аясында Қазақстанның 80 азаматы үшін визасыз және ПТР тестілеусіз шекарадан өту қамтамасыз етілді және олар эвакуациялық рейсті күту үшін Катовице қаласында (Польша) орналастырылды. Бұған қоса 260 отандасымыз қазақстандық дипломаттармен бірге Украина-Польша шекарасында тұр және оны өту үшін өз кезегін күтуде. ҚР дипөкілдіктерінің қызметкерлері Украина және Польша тараптарының шекарасында орналасқан және туындаған мәселелерді шешу үшін жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандастарымызды елге жеткізуде тиісті шаралар қабылданып жатыр.
«Украинадағы ҚР азаматтарының өтініштері үшін Қазақстанның Киевтегі Елшілігінде және ҚР СІМ-де «жедел желі» ашылғанын, бұл жұмысқа Днепр, Львов, Одесса мен Харьков қалаларындағы ҚР Құрметті консулдары жұмылдырылғанын еске саламыз. Киевтегі ҚР Елшілігі күшейтілген режимде өз жұмысын жалғастыруда және бүгінде дипломаттардың көмегімен Қазақстанға оралғысы келетін тұлғалардан 631 өтінім тіркеді», - дейді министрліктен
Вам может быть интересно: «В Еврокомиссии намерены ввести новые санкции против Белоруссии»