Эпидахуалды бағалау матрицасы: «қызыл» аймақта СҚО ғана тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 23 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті.