Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ Уақытша сенімді өкілімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесті.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті қарқындату мақсатындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру барысы туралы, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, елдің одан әрі даму жоспарлары туралы ақпаратты жеткізді.