Болат Сүгірбаев пен Нұрлан Жалғасбаевқа өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен екі Елшіге өзге дипломатиялық лауазымдарды қоса атқару жүктелді, деп хабарлайды Ақордa.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.