Қазақстан мен БАЭ қорғаныс ведомстволары ынтымақтастық жоспарын қарады

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы әскери атташесі подполковник Әл-Каабимен жұмыс бабымен кездесті. Тараптар әскери ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында әскери медицина, білім беру, екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің іс жүзіндегі даярлығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау шеңберіндегі басты бағыттар айтылды.