Әскери полиция органдарының арнайы құралдар тізбесі бекітілді
2021 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын арнайы құралдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Осы құжатта әскери қызметшілердің қатысуымен өтетін түрлі шаралар барысында құқық тәртібін қамтамасыз етуге жұмылдырылатын әскери полиция бөлімшелері қамтылатын арнайы құралдар атауларының тізбесі айқындалған. Айта өтсек, әскери парадтар, «KADEX» халықаралық көрмесі, оқу-жаттығулар, әскери техника мен оқ-дәрілерді тасымалдау және т.б.
Қарулы Күштердің әскери полиция органдары әскердегі құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін орындайтынын атап өткен жөн.
Құжаттың толық мәтінімен 2021 жылғы 21 желтоқсанға дейін сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »