Қазақстан жаңалықтар
25 ноября 2021, 20:39
Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
"Бүгін Қазақстан президенті Бельгия королі Филиппен жүздесіп, премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді", - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Больше на Forbes