Қазақстан жаңалықтар
2021-11-05 12:04:00
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін арттырады
Бүгін, 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
Отырыста қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады.
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»
Больше на Forbes