Қазақстан жаңалықтар
18 октября 2021, 11:18
Үстел теннисінен ҚР кубогінің жеңімпаздары анықталды
Алматыда үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі додасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz сайты.
Ерлер арасындағы финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ақтөбе облысы командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді.
Әйелдер арасында Қарағанды облысының құрамасы Шымкент спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орын ШҚО командасына бұйырды.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Больше на Forbes