Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қырғызстан елшісін қабылдады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дастан Дюшекеевті қабылдады.

Министрдің орынбасары қырғыз дипломатын қызметіне кірісуімен құттықтап, екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Тараптар көпжоспарлы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ жоғарғы және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.