Қазақстан жаңалықтар
22 августа 2021, 15:15
Тоқаев Алматы барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Бүгін президент Алматы облысына сапары барысында "Қайсар-2021" шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді", - деді ол.
Сонымен қатар мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорынды аралап, жұмысымен танысады.
23 тамызда мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар іс-шара өткізеді. Сонымен қатар бейнеконференция форматында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»
Больше на Forbes