Елордада Гоголь көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды

Н. Гоголь көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жөндеу жұмысына кірісті.

Гоголь көшесінде 7-25 тамыз аралығында Құрманғазы көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаске көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды. 

Басқарма қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды ұсынды.