Теміртау мұражайы Елорда күніне орай онлайн-аукцион өткізеді

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы еліміздің бас қаласы туралы көп білу мақсатында онлайн режимде «Бозоқтан Нұр-Сұлтанға дейін» атты аукцион өткізеді.

Зияткерлік-этнографиялық аукционы 3 шілде күні сағат 13:00-де мұражайдың @temirtau.muzey Instagram-парақшасында тікелей эфирде өтеді.

Аукционға қатысушы кез келген азамат Нұр-Сұлтанға қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейін көрсете алады.

Шарада алдымен елорданың тарихымен байланысты Мұражай экспонаттары, фотосуреттер мен құжаттар көрсетіледі. Олар зияткерлік аукционның сұрақтарына жауап берудің бастапқы нүктесі болады.

8 лот ойнатылады. Алғашқы болып дұрыс жауап берген адамдар мұражайға тегін бару билеттерін сыйлыққа алады.