Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінің филиалдарында ақысыз оқуға қабылдау жүріп жатыр

2187

«Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Алматы филиалында азаматтарды тегін оқуға қабылдау басталды.

Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне сәйкес әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған. Бұл ретте әскери-техникалық мамандық бойынша оқу мерзімі – үш ай. Мектеп түлектері «В», «С» және «С1» санатындағы жүргізуші куәлігін алады.

– Заң бойынша «С» санаты бойынша автокөлік құралын жүргізу құқығы 21 жастағыларға ғана беріледі. Ал жергілікті әскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектепті бітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі, – деді Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалының директоры полковник Мирас Жылгелдин.

Оқу кезеңінде курсанттар мемлекет есебінен тұрғылықты жермен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Биылғы жоспар бойынша Әскери-техникалық мектептің Алматы филиалында 60-тан аса адам білім алады. Осылайша, Қарулы күштер қызметке дайындалған әскери-техникалық бейіндегі мамандарды толықтырады.

Техникалық мамандықты меңгеру еңбек нарығында сұранысқа ие екенін де атап өткен жөн.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить