Үкімет басшысы Атыраудағы полипропилен өндіретін кешенде болды

2596

Атырауға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС кешенінің жұмысымен танысты. 

Қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім шығаратын зауыт «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-да орналасқан және Қазақстандағы бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының бастапқы кезеңі болып табылады.

2022 жылдың қарашасында іске қосылғаннан бері зауыт 100 мың тоннаға жуық өнім шығарды.

Жалпы 2023 жылға арналған өндірістік бағдарлама бойынша 300 мың тоннадан астам түрлі сұрыптағы полипропилен шығару жоспарланған.

Оны пластикалық контейнерлер, пленкалар, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ және тағы басқа заттар жасау үшін пайдалануға болады.

Зауыт өнімдерінің басым бөлігі Қытай мен Еуропаға экспортталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить