Ақмола облысында құны 678 млн теңге орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарылды

Ақкөл ауданы прокуратурасының араласуымен құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер – сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайдыоблыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Учаскелер 2016 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар кәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болғанына қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Жоғарыда аталған мән-жай аудан прокуратурасының актісі бойынша шарттарды бұзуға негіз болған. Жалпы құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қосшыда 65 млн теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын жазған едік.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте