Cerebra жобасының жетекшісі Досжан Жүсіпов Стэнфорд университетіне қарасты StartX кәсіпкерлер клубының мүшесі атанды

Отандық Cerebra MedTech стартапының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов өз жобасымен StartX акселерация бағдарламасына еніп, енді қоғамдастықтың тұрақты мүшесі болады. StartX акселераторы Силикон алқабындағы YCombinator сияқты басқа акселераторлардан ерекшеленеді. Ол коммерциялық емес ұйым және білім беруге ден қояды. Оған қоса оның компанияларда үлесі жоқ және негізінен стартаптарды іске қосуға және ілгерілетуге көмектеседі. StartX қауымдастығына мүше компанияларының жалпы құны 26 млрд. доллар шамасында.

- Бізге нәтиже маңызды. Осы қауымдастық мүшелерінің  92% өсім көрсетіп, кейбір жобаларды сатып алғанын көруге болады. Орта есеппен мүше болған компаниялар шамамен 11 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция тартқан. StartX – мықты қауымдастық. Соның арқасында біз таланттарға, қаржыландыруға және әлемдегі ең қуатты инновациялық ортаның біріне қол жеткізе аламыз. Ол - Стэнфорд университетінің түлектері, - деді Досжан Жүсіпов.

StartX Stanford бағдарламасы тек Стэнфорд университетінің түлектері үшін ашық. Astana Business Campus қолдауымен Jas Ventures Almaty мен StartX Stanford арасында серіктестік жайында келіссөз болып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы стартаптарды акселерациядан өткізу туралы келісімге қол қойылды. Алайда, бұл қауымдастыққа кіру емес. Талаптары қатаң. Терең инновацилы DeepTech жоба болуы тиіс. Cerebra талапқа сай келді.

- Бұл еліміздің ІТ саласы үшін елеулі оқиға. Cerebra жобасының StartX акселерациялық бағдарламасына өтуі бүкіл әлемге Қазақстанның озық DeepTech технологияларын жасай бастағанын көрсетуге мүмкіндік береді, деді Бағдат Мусин.

StartX – бұл 1800-ден астам сериялық кәсіпкерлердің, салалық сарапшылардың, Стэнфорд университетінің профессорлары мен 700-ден астам жақсы қаржыландырылған өсу сатысындағы стартаптардың жиынтығы. Қауымдастықтың үлкен қолдауының арқасында олар үш декакорн мен он алты бірмүйізді өсіруге қол жеткізді. Жерлесіміз өз пікірімен бөлісіп, жамағаттың игілігін тілге тиек етті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте