AQR нәтижелері анықталған тәуекелдерді жою үшін банктердің капиталының жеткілікті деңгейін көрсетті - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

3159

Бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов реттеуші инвесторлар, халықаралық қаржы институттары мен рейтингтік агенттіктер үшін банк секторының ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс жүргізілгені жайлы айтып берді, ortcom.kz деп хабарлайды.

Спикер атап өткендей, осы мақсатта 2019-2020 жылдары Ұлттық банк агенттікпен бірлесіп банк секторы активтерінің сапасына (AQR) тәуелсіз бағалау жүргізді. AQR жүргізу саласындағы танымал халықаралық консультанттың – Oliver Wyman компаниясының, Big Four халықаралық аудиторлық компаниясының және басқа да танымал халықаралық аудиторлық компаниялардың қызметтері тартылды.

«AQR нәтижелері жүйелік деңгейде де, жеке банктер деңгейінде де анықталған тәуекелдерді жою үшін банктер капиталының жеткілікті деңгейін көрсетті», - деді О. Қизатов.

Жүргізілген AQR сапалы нәтижесі банктердің барлық негізгі бизнес-процестерінің халықаралық стандарттарға сәйкес трансформациялануы болды. Осы мақсаттар үшін агенттік банктермен 3 жыл іске асыру мерзімімен түзету іс-шараларының қадағалау жоспарларын әзірледі.

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатысушы банктер AQR бойынша шаралардың жалпы санының шамамен 96% немесе 23 мыңға жуық іс-шараны іске асырды. Жалпы, екі жылдық кезең ішінде өткізілген іс-шаралардың нәтижелері банктердің негізгі бизнес-процестерінің елеулі трансформациясын, корпоративтік басқару мен ішкі бақылаудың жетілдірілгенін көрсетті. AQR қорытындысы бойынша банк қызметін реттеу мәселелері бойынша ҚР заңнамасы жетілдіріліп, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес келтірілді», - деді спикер.

Оның пікірінше, барлық жаңартылған бизнес-процестерді оларды толық автоматтандыру жолымен банктердің қызметіне түпкілікті енгізу банктердің банк ісін жүргізудің үздік стандарттарына сапалы көшуін аяқтауға мүмкіндік береді және банктердің сыртқы және ішкі сын-қатерлерге тұрақтылығын арттырады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить