Халықты «қарулы» жиһадқа шақырған тұрғын 6 жылға сотталды – Бас прокуратура

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шұғыл әрі сапалы шешуді қажет ететін мәселелер көп – Смайылов
Ақтөбе облысында Telegram арқылы халықты «қарулы» жиһадқа шақырған тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Бас прокуратурасы.
Мәлім етілгендей, бүгінгі таңда интернет кеңістігінде радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды. Оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады.
«Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының YouTube бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттады.
Бұдан бөлек Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті Telegram месенджері арқылы «қарулы» жиһад материалдарын таратқан «Б» азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сот үкімімен аталған адам Қылмыстық кодекстің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген Бас прокуратура ақпаратында.
Вам может быть интересно: «Евросоюз готовится принимать заявления на шенгенские визы онлайн»