Темір жол саласындағы жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде

Қазақстан темір жолы компаниясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды компанияcы.

ҚТЖ 2022 жылдың тамыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге жұмыс жасауда. Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет компанияда жемқорлық фактілеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін ұсынымдарды қамтитын егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

ҚТЖ құқық қорғау органдарымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Сонымен қатар компанияда анықталған фактілердің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте