Қорғаныс министрлігі әскер беделін түсіретін мәлімет таратқандарды қылмыстық жазалауды ұсынды

Қорғаныс министрлігі қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Онда негізінен «Ерекше кезең» термині туралы айтылады. Ведомствоның баспасөз қызметі осы ұғымды түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсынысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарынан ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢДЕ

ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың беделін түсіретін, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіретін жалған, нақты емес және деструктивті ақпаратты немесе мәліметтерді таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы бірқатар жарияланымдар мен сауалдарға қатысты келесіні түсіндіру қажет деп санаймыз:

Қарулы Күштердегі ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢ бұл – «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы

№ 391, «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 және «Терроримзге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе белгілі бір бөлігінде енгізілетін дағдарыстық кезең.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше кезеңнің алдында азаматтық қоғам мен Қарулы Күштердің жеке құрамының моральдық тұрғыдан еңсесін түсіретін ақпарат тарату арқылы халыққа белсенді әсер ету кезеңі (ақпараттық соғыс) өтеді.

ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢДЕ қолданыстағы заңнамаға ұсынылған өзгерістер БАҚ пен әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттерін реттеуге және бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢДЕ ұсыныстар күшінде болады және оны тек елдің жоғары басшылығы енгізе алатынын айта кету керек.

Бейбіт уақытта Конституцияның 20-бабына сәйкес цензураға тыйым салынады, әркімнің заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Сонымен қатар, ОСЫ БАПТЫҢ (ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ) 3-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС, мемлекеттік конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Төтенше және әскери жағдай режимін, сондай-ақ терроризмге қарсы операция режимін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.

Алайда, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың беделін түсіретін көрінеу жалған, анық емес және деструктивті ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік заң жүзінде көзделмеген.

Ерекше кезеңде деструктивті ақпаратты, сондай-ақ әскери операцияны жүргізудің орналасуы, тактикасы, нысандары, әдістері, бөлімшелер құрамы, Қарулы Күштердің жеке құрамын, қару-жарағы мен әскери техникасын ілгерілету туралы мәліметтерді тарату азаматтық халыққа және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі залал келтіруі мүмкін.

«Соңғы жылдардағы оқиғалар көрсеткендей, дәл осы әрекеттерді ЕРЕКШЕ КЕЗЕҢДЕ деструктивті күштер белсенді қолданады. ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жұмысы ашықтыққа, жеделдікке бағытталған және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қатаң ұстанады. Біз әрқашан кері байланыс пен диалогқа дайынбыз» деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте