Маңғыстаулық азамат үш баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған
11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Онда өздігінен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.
«Тексеру барысында Б есімді азаматпен жіберілген аудиожазба белгілі болды. Ол жұбайы Д-ға өзіне қол жұмсайтынын және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.
Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алған және ерлі-зайыптылар ажырасқалы жатқан. Екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған», - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.
Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Вам может быть интересно: «Абай облысында жертөледегі жасырын цехте алкоголь өндірілген»