«Астана – Анкара» арасындағы тікелей әуе рейсінің алғашқы жолаушылары тасымалданды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бүгін, 5 желтоқсан күні Қазақстан мен Түркия астаналары арасында тікелей әуе рейсінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті. Оған Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзин қатысты.
Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рет жиілікпен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Тасымалдаушы —
«Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet».
Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
Вам может быть интересно: «Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды – министрлік»