83 млн.теңге қолма-қол ақшаны көршілес елге алып кетудің жолы кесілді
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері 2022 жылғы 6 қарашада "Астана-Ташкент" халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін кедендік тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарында 83 601 000 теңге сомасына, атап айтқанда 180 000 АҚШ доллары декларацияланбаған қолма-қол қаражат анықталды.
Кедендік тексеру кезінде заң бұзушылар лауазымды тұлғаларға кедергі келтірген.
Заң бұзушыларға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы қаражатты Республика Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын сомада әкетуге тыйым салынады.
Вам может быть интересно: «Вакцину против COVID-19 от французской Sanofi одобрили в ЕС»