Қазақстан жаңалықтар
21 октября 2022, 15:07
Қызыл кітапқа енген 9 ителгіні Қырғызстанға әкетіп бара жатқандар шекарада ұсталды
Жамбыл облысында шекарадан ителгі құсын алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Биылғы 20 қазанда Жамбыл облысының Бесағаш шекара бөлімшесінің аумағында Қазақстаннан Қырғызстанға сұңқар тұқымдас 9 ителгі құсын заңсыз алып өтпек болған белгісіз азаматтар ұсталды.
Бұл құстар Қазақстанның қызыл кітабына енген.
Аталмыш жағдай Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Охотзоопром» инспекторларының бірлескен жұмысының нәтежиесінде анықталды.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Вам может быть интересно: «Официальный Дублин призвал Великобританию поддержать мир и стабильность в Северной Ирландии»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter