Жеке меншіктегі көлік құралдары қай өңірлерде көп тіркелген
Қазақстанда тамыз айында 96,9 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2022 жылғы тамызда 96,9 (мың бірлік) автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6% кем. Оның ішінде тіркеуге қойылған жеңіл автомобильдердің саны 11,7%-ға азайса, керісінше жүк автомобильдерінікі 7,7%-ға, автобустардікі 31,4%-ға артты.
Мәселен, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 377,7 мың болса, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы автобустар.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада жеке тұлғалардың меншігінде 3 630,9 мың жеңіл автокөлік бар. Олардың ең көп үлесі Алматы облысы (465,7 мың бірлік), Алматы қаласы (460,3 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (275,9 мың бірлік) азаматтарына тиесілі.
20 жылдан аса шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысының (317,6 мың бірлік), Алматы қаласының (194 мың бірлік) және Қарағанды облысының (156,4 мың бірлік) азаматтарында басым. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (50 мың бірлік) мен Астана қалаларының (46,7 мың бірлік) және Қарағанды облысының (18,8 мың бірлік) азаматтарының меншігінде.
Вам может быть интересно: «Ахылбек Куришбаев досрочно сложил полномочия депутата сената»