Қазақстан жаңалықтар
18 августа 2022, 17:23
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының ресми сайты.
«Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды.
Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген.
Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды», - делінген ұсынылған хабарламада.
ҚР ҰҚК-нің Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes