Дудник Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Трансфузиология ҒПО-ға барды

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Трансфузиология ғылыми-практикалық орталығына барды.

В. Дудник параклиникалық және стационарлық бөлімдердің жұмысымен және жабдықталуымен танысып, ұжыммен орталық қызметі жөнінде пікірлесті. Әңгіме барысында онкологиялық, онкогематологиялық және трансплантациялық қызметті дамыту, білім және ғылым мәселелері жөнінде өзекті сұрақтар қойылды.

Кездесу нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс беру үшін мәселелерді терең зерделеу қажеттігі жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ вице-министр жұмыс барысымен Трансфузиология ғылыми-практикалық орталығына барды. Трансфузиология орталығында министрді «Донор жолымен» алып жүріп, гемоөнім өндірісінің негізгі кезеңдерімен таныстырды.

Сонымен қатар транфузиялық терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қан донорының денсаулығын қорғауға қолданылатын технологиялар; донорды тіркеуден бастап, медициналық ұйымға дайын қан компонентін жөнелтумен аяқталатын гемоөндірістің барлық сатысын бақылауға және мәліметті автоматты түрде беруге болатын «Инфодонор» ақпараттық жүйесі көрсетілді.

Орталық көпқұрамды қан әзірлеуге, донор қанының компоненттерін арнайы өңдеуге (лейкофильтрация, патогендерді инактивациялау) арналған технологиялармен жабдықталғанын айта кеткен жөн.

Вице-министрге Республикалық қан қызметінің референс зертханасы мен Тінді иммунологиялық типтеу зертханасының (HLA-зертхананың) қызметі жайында баяндалды. Референс зертхана барлық қанға дайындалған өндірістік бақылау жүргізіп қана қоймайды, сонымен бірге бүкіл қан қызметі ұйымдары мен медицина ұйымдарындағы зертхананың біліктілігін тексеретін бағдарламаның провайдері болып табылады.

HLA-зертхана 2021 жылы Еуропа иммуногенетиктер федерациясы стандарттарына сәйкестігі жөнінде халықаралық аккредиттеуден өткен.

Вице-министр сондай-ақ еліміздегі лейкоз және басқа да қанөндірім жүйесінің ауруларына ем ретінде қолданалатын кемік майы трансплантация үшін дің жасушаларын даярлайтын жалғыз жасушалық технология бөлімшесімен танысты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1527 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить