ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілін қабылдады

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесу өткізді.

А. Рахметуллин Я. Беришке осы лауазымдағы қызметі үшін алғыс айтып, Қазақстанның БҰҰ ДБ-мен ынтымақтастығының оң динамикасын атап өтті. Соңғы жылдары БҰҰ ДБ-ның қолдауымен Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің Үкімет және БҰҰ басшыларының қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша екі аймақтық саммиті өткізіліп, 2021-2025 жылдарға арналған ҚР мен БҰҰ арасындағы елдік ынтымақтастық даму жоспары қабылданды. Сонымен қатар, Нью-Йорк қаласында БҰҰ штаб-пәтерінде еліміздің ОДМ-ды іске асыру бойынша екі ерікті ұлттық шолу сәтті түрде ұсынылды.

Өз кезегінде, Я. Бериш Қазақстан мен БҰҰ ДБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды атап өтіп, еліміздегі жұмысы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте