Қазақстан жаңалықтар
3 июля 2022, 09:02
Елордада Сарыбұлақ жылғасы мен Нұра-Есіл арнасының аумақтары тазартылды
Нұр-Сұлтанда "Бірге-таза Қазақстан!" экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ бұлағы мен Нұра-Есіл арнасын тазалау бойынша сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Сенбілікке еріктілер, басқармалар, аудан әкімі аппараттары мен Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің ұжымдары белсенді қатысты.
Сенбілікке 545 адам, 26 ұйым қатысты.
Полигонға 20 тонна қалдық жиналып, шығарылды.
Вам может быть интересно: «ҚР ЭГТРМ: Балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes