«Қазгидромет» РМК: Елімізде метеорологиялық мониторинг 347 станцияда жүргізіледі

«Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ел аумағында мониторинг жүргізетін мемлекеттік бақылау желісінің саны және оның даму динамикасы туралы баяндады, деп хабарлайды ortcom.kz.

Оның мәліметінше, метеорологиялық мониторинг 347 станцияда, Агрометеорологиялық мониторинг 209 бақылау бекеттерінде жүргізіледі. Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі.

«Ауа сапасына келетін болсақ, 69 елді мекенде 170 бақылау бекетінде және 15 жылжымалы зертханада мониторингі жүзеге асырылады. Қазіргі таңда мемлекеттік бақылау желісінің саны заман және уақыт ағымы бойынша елдің даму деңгейіне сәйкес қарқынды дамып келеді. Мысалы, метеорологиялық станциялар саны 90-шы жылдармен салыстырғанда 70-ке артса, агрометеорологиялық және гидрологиялық бекеттер саны 2 есе өсті. Атмосфералық ауа сапасын анықтайтын бақылау бекеттерінің саны 47-ден 170-ке (3,5 есе), су сапасына талдау жүргізілетін тұстамалар саны 47-ден 358-ге артты (7,5 есе). Бақылау орындары заманауи бақылау құралдарымен жабдықталуда», - деді спикер.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте