«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Қостанай» бағытына қатынайтын Тальго пойызын тағайындау туралы

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Қостанай" бағытындағы №81/82 пойызды Тальго вагондарымен күнара бағыттап отыратынын хабарлайды:

- Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан құрам 2022 жылғы 2 шілдеден бастап жұп күндері жөнелтіледі, Қостанайдан құрам 2022 жылғы 3 шілдеден бастап тақ сандар бойынша ауыса бастайды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап "Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалық" №603/604 пойызының нөмірленуі №79/80 болып өзгертіледі. Оның жүру жиілігі күнара.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды . Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалануды ұсынамыз.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте