Жамаубаев кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Атап айтқанда, жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдалану мерзімі, Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін бұзатын шетелдік тасымалдаушыларға көліктік бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Автомобиль көлігімен жүктерді халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан шет мемлекеттермен 40-тан астам екіжақты келісім жасасты, осыған сәйкес рұқсат беру жүйесі көзделген.
Сондай-ақ кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде тауарларды жеткізу орындарында шетелдік тасымалдаушылардан рұқсат бланкілерін тексеру бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына өкілеттіктер беру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі пысықталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін шешу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берді.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»