Қазақстан жаңалықтар
2 июня 2022, 13:35
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Нұрбек Шынтемірұлы Әмиша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомство басшысы Асқар Умаров.
«Командамыз жаңа маманмен толықты. Бүгіннен бастап, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз хатшысы болып белгілі журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Нұрбек Әмиша тағайындалды.
Нұрбектің жұмысына сәттілік тілеп, БАҚ және жалпы жұртшылықпен байланыста министрлікке тың серпін береді деп сенеміз», - деп жазды министр Facebook-парақшасында.
Вам может быть интересно: «В Индии вступили в силу ограничения на экспорт сахара»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes