Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ғылым, технологиялар, зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы Акарават Асвахем бастаған Таиландтың Өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ мен АӨСШК шеңберіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ дінаралық диалог мәселелерін талқылады. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарға серпін беру үшін екі ел арасындағы түрлі деңгейдегі байланыстарды одан әрі қолдауға келісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте