Үкіметте ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту мәселесі талқыланды

1699

 Үкіметте ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемаларын қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) өндіру және бөлу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Тиісті ұсыныстарды Энергетика министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖЖМ нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірледі.

Баяндама жасаған энергетика министрі Болат Ақшолақов ішкі нарыққа мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу схемаларын қайта қарауды көздейтін заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды.

Мәселен, мынадай өзгеріс қарастырылған: қайта өңдеу үшін мұнайды тікелей жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ олардың еншілес маркетингілік құрылымдары жеткізіп отырады. Бұдан бөлек, Мұнай өңдеу зауыттарының мұнайды сатып алуы, мұнай өнімдерін өткізу саласынан өнімсіз делдалдарды шеттету ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мәселен, осындай отын көлемінің мақсатты бөлінуін бақылау үшін аумақтық бөліністе АШТӨ-нің деректер базасын құру және отын бөлудің электрондық-ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар энергетика министрі елден жанар-жағар май ағынын шектеу бойынша ұсынылған шараларды атап өтті. Атап айтқанда, автокөлікпен ЖЖМ шығаруға салынған тыйымды ұзарту және рұқсатсыз шығаруға жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.

Кеңесті қорытындылай келе, Үкімет басшысы ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, Энергетика министрлігіне оларды барлық мүдделі тараппен бірге пысықтауды тапсырды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить