Прокурорлар жалпықалалық сенбілікке қатысты

3267

Бүгін «Birge - taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында Бас прокуратура қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы аумақты тазалауға (Тұран даңғылынан Сауран көшесіне дейін) екі жүзге жуық прокурор шықты.

Олар көшені және оған іргелес жатқан гүлзарларды қоқыстан тазарту, жиектастарды, отырғыштар мен қоқыссалғыштарды сырлау бойынша жұмыстар жүргізді.

Сондай-ақ акция аясында жаппай ағаш отырғызу ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын елордадағы тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить