Шымкент қаласында 2021 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының 2 жағдайы тіркелген. 2022 жылдың 3 айында аурушаңдық тіркелмеді.
Бүгінгі таңға қала бойынша кене шағып медициналық көмекке қаралған 22 адам тіркелді, кене шағу жағдайлары былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3 есе өскен (2021 жылы - 7 жағдай).
Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады.
Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елді мекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы өңдеу, сондай-ақ жануарларды, мал қораларын және буферлік аймақтарды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызмет тарапынан көктемгі дезинфекциялау іс-шаралары басталды. Өңдеу жұмыстары 30 мамырға дейін жалғасады.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»