Әскер таэквондошысы Жансель Дениз Иранда алтын медаль жеңіп алды

Иранда Азия таэквондо федерациясы президентінің Кубогы үшін халықаралық жарыс өтуде.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы Жансель Дениз алтын медаль иегері атанды.

Финалда қазақстандық таэквондошы Иорданиялық Рама Абоалробты жеңді.

Бұл жетістік Жансель үшін Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына қатысуға берілетін жолдамаға бірден-бір кепіл болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте